NJ

Бірге оқимыз · Ашық үзінді

Қаржылай емес қолдау туралы үзінді: консультациялар, оқыту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және Бір ауыл — бір өнім жобасы

01 / 05

Атамекен ҰКП арқылы іске асырылатын қолдау бағыттары

Бұл үзіндіде дереккөздегі шарттар мен мәліметтер, оның ішінде 2025 жылға қатысты ақпарат берілген. Өтінім берер алдында құралдың қолжетімділігін және қолданыстағы шарттарын оның операторынан нақтылап алыңыз.

«Атамекен» ҰКП арқылы келесі қаржылай емес қолдау құралдары іске асырылуда:

  • кәсіпкерлік әлеуетті арттыру
  • әйелдер кәсіпкерлігін дамыту
  • жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау
  • консультациялық және сервистік қызметтер көрсету арқылы кәсіпкерлік әлеуетті күшейту
  • іскерлік байланысты кеңейту және кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру
02 / 05

Кәсіпке бағыт құралы

«Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы «Кәсіпке бағыт» құралын іске асырады. «Кәсіпке бағыт» құралы кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға өтеусіз негізде ұсынылатын консультативтік, білім беру қызметтерінің кешенін қамтиды.

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) өтінімдер негізінде қызметтер көрсетуді консультациялық, білім беру қызметтерін жеткізуші компанияларды және біліктілігі жоғары сарапшыларды, оның ішінде шетелдік сарапшыларды тарту арқылы қамтамасыз етеді.

  • консультация
  • салалық (бейіндік) оқыту
  • қаржыландыруды тарту бойынша оқыту
  • әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту
  • бизнес-шолу жүргізу

Анықтама ретінде: «Кәсіпке бағыт» құралы 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен тек бірнеше облыста ғана жүзеге асырылып келеді.

03 / 05

Кәсіпкер әйел құралы

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» бағыты шеңберінде «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкер әйел» құралын іске асырады. «Кәсіпкер әйел» құралы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту және кәсіпкер әйелдердің әлеуетін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

«Кәсіпкер әйел» құралын «Атамекен» ҰКП және өңірлік кәсіпкерлер палаталары Қазақстан Республикасының 18 (он сегіз) жастан асқан әйел жынысты азаматтарына облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, оның ішінде ауыл тұрғындарына өтеусіз негізде көрсетеді.

  • консультация
  • кәсіптік және бизнес-оқыту
  • менторлық
  • кәсіпкер әйелдерді халықаралық жобалар туралы хабардар ету

Анықтама ретінде: «Кәсіпкер әйел» құралы 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен тек бірнеше облыста ғана жүзеге асырылып келеді.

04 / 05

Бір ауыл бір өнім жобасы

«Жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау» бағыты шеңберінде «Атамекен» ҰКП «Бір ауыл – бір өнім» (бұдан әрі – БАБӨ) жобасын іске асырады.

  • консультация
  • өңірлік көрмелер өткізу
  • өнімді айқындау
  • өнімді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға шығаруға жәрдемдесу бойынша БАБӨ финалистерін оқыту және маркетингтік сүйемелдеу

Жергілікті және локальды ресурстардан өнімдер/тауарлар өндіретін кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар БАБӨ жобасының әлеуетті қатысушылары болып табылады.

  • өнім (тауар) жергілікті/локалдық шикізаттан өндірілген болуы тиіс
  • өнім (тауар) дайындау барысында күрделі емес, қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы қажет
  • өнім (тауар) өндірілетін аймақтың ерекшелігін, яғни жергілікті тарихи-мәдени сипаттамаларын барынша көрсетуі және қамтуы тиіс (өнімнің шығу тарихы, өңірлік айрықша белгісі)
  • «жергілікті шикізатты қолдану» өлшемшарты бойынша өнім (тауар) негізінен жергілікті/локалдық шикізаттан жасалуы тиіс. Сонымен қатар, дайын өнімді толықтыру мақсатында сырттан әкелінген қосалқы материалдар мен фурнитураны (мысалы: ілгек, түйме, сыдырма және т.б.) пайдалану рұқсат етіледі. Мысалы: былғарыдан жасалған бұйымдар (сөмке, тәпішке, әмиян және т.б.), оларда сырттан келген фурнитуралар қолданылады
  • өнім (тауар) құрамында адам денсаулығына қауіпті немесе зиянды заттар болмауы керек, тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орама (қаптама) қарастырылуы қажет. Сонымен қатар, өнім (тауар) тез бұзылатын азық-түлік қатарына жатпау керек – сақтау мерзімі 5 (бес) күннен асуы тиіс
  • құрал-жабдықтардың болуы және жұмыс орындарын құру құпталады
  • өнімді экспортқа шығару әлеуеті ескерілуі қажет
  • өнім техникалық регламенттерге сәйкес тиісті сәйкестік сертификаты/декларациясының болуы, не оны алу сатысында болуы, немесе тағамдық және экологиялық өнімдерге сертификат алу әлеуетінің бар болуы және өндіріс үшін жағдайлардың болуы ескеріледі

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өндірушілердің өтінімдерін қабылдап, көрмелер ұйымдастырады, сол көрме барысында үздік жобаларды іріктеп, өңірлік бренд-комитеттер арқылы жоба финалисттерін анықтайды және оқыту мен маркетингтік сүйемелдеу жүргізеді.

БАБӨ жобасы жергілікті және локальды ресурстардан алынған өңірлік өнімдерді анықтауға, оның ішінде ауылдық деңгейде анықтауға, сондай-ақ өндіріс технологияларын жетілдіруде әрі сыртқы және (немесе) ішкі нарыққа шығуды ілгерілетуде жәрдемдесуге бағытталған. БАБӨ жобасының финалисттері әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерімен қатар 5 млн теңгеге дейінгі гранттар конкурсына қатыса алады.

05 / 05

Ақпараттық консультациялық және сервистік қолдау

«Консультациялық және сервистік қызметтер көрсету арқылы кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыты мынадай құралдарды қамтиды: кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға көрсетілетін ақпараттық-консультациялық қызметтер; кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қоса алғанда, «Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға көрсетілетін ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер» құралы өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық қызметтер кешенін қамтиды.

Қызметтер көрсету ӨКП филиалдарында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде және/немесе кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындар көп шоғырланған жерлерде, ал онлайн режимде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

  • мемлекеттік қолдаудың қаржылай және қаржылай емес шаралары, кәсіпкерлік қызмет жүргізуді бастау мәселелері бойынша консультация беру (ЭҚЖЖ және салық салудың оңтайлы жүйесін іріктеу), шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттардың үлгілерін дайындау арқылы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат және консультация беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер
  • екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында және даму институттарында бизнес-жоспарлау қаржыландырылғанға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинау жөніндегі көрсетілетін қызметтер
  • кәсіпкерлік қызметті бастау және тоқтату, лицензиялар мен сертификаттар алу мәселелері бойынша консультация арқылы құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу жөніндегі көрсетілетін қызметтер
  • сатып алуға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскелерін алу үшін құжаттарды жинау және өтінімді ресімдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер
  • инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде рұқсат құжаттарын, техникалық шарттарды алудағы көрсетілетін қызметтер

«Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралы кәсіпкерлерді қолдау үшін, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде ұсынылатын сервистік қызметтер көрсетуге бағытталған. Кәсіпкерлерді сервистік қолдау жергілікті жерлерде сұранысқа сәйкес облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы, ал онлайн режимде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

  • бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер: бухгалтерлік және салықтық заңнама мәселелері бойынша консультациялар; бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультациялар; бухгалтерлік есепке алу бойынша консультациялар; «1С:Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар; салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар; статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультациялар; бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультациялар; салықтық және статистикалық есептер дайындау
  • заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі көрсетілетін қызметтер: лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша консультациялар; лицензиялар, сертификаттар және рұқсат құжаттарын алу бойынша қолдау көрсету; кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттар дайындау; кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар; шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу; азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар; мемлекеттік сатып алуға байланысты консультациялар; конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындау; сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану бойынша көрсетілетін қызметтер
  • қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер: кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар; екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу
  • бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер: бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультациялар; бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультациялар; бизнес-жоспар әзірлеу; тауарларды және (немесе) жұмыстарды, және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультациялар; тауарларды және (немесе) жұмыстарды, және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша әзірлеме

Кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызмет жүргізу бойынша бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде кешенді сервистік қолдау, сондай-ақ тауарларды және (немесе) жұмыстарды, және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдауды тұрақты негізде алады, кәсіпкерлер оны күнтізбелік 1 (бір) жылда 1 (бір) рет қана алады. Анықтама ретінде: «Кәсіпкерлік қызмет жүргізуді сервистік қолдау» құралы 2025 жылы республикалық бюджет есебінен тек «бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер» мен «бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді» ғана облыс орталықтарында, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының өңірлік кәсіпкерлер палаталарында жүзеге асырылады.

Үзінді дереккөздері

Толық нұсқада жалғастырамыз ба?

Толық электронды нұсқа жариялауға дайындалып жатыр. Құралдың қашан қолжетімді болатынын, оны алу немесе оқуға жазылу шарттарын автордан нақтылаңыз.

Бағасы мен материалдар құрамы төлемге дейін нақтыланады. Толық кітапханаға қолжетімділікті әкімші береді.